Мерекелік іс-шаралар » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шұбар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Шұбар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72842)50083
Есепші бөлімі:
+7(72842)50083
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2017

Мерекелік іс-шаралар

Мектепте жылдық жоспар негізінде тиісті шаралар толық талапқа сай өтіліп отырады. Қыркүйек айында «Тілдер мерекесі» онкүндігі өтті. Онда тіл мамандарымен қоса сынып жетекшілер де өз сыныптарымен ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Желтоқсан айында « Президент күніне», «Тәуелсіздік мерекесіне» ашық сынып сағаттар және мектепішілік үлкен шара ұйымдастырылды. «Жаңа жыл» мерекесіне сыныптар жас ерекшелігіне қарай бөлініп, тиісті шаралар кең көлемде өтілді. Наурыз айында «Халықаралық әйелдер күніне» ашық тәрбие сағаттарымен қатар аналарға арналған мектеп ұжымының мерекелік концерті ұйымдасқан түрде өтті. «Ұлыстың ұлы күніне» әр сынып ашық тәрбие сағаттарын сынып сағаты барысында өткізді және мектепішілік «Жыл шеруі» фестивалі өтті. Атаулы шараға 1-11 сыныптар толық атсалысты. Сәуір айында Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне «Достық» фестивалі өтті. 1-11 сынып оқушылары әр ұлттың ұлттық өнерін ортаға салды және ұлттық мәдениетімен таныстырды. Мамыр айында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңіс күніне» орай салтанатты жиын өтіліп, Ұлы Отан сағысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сонымен қатар, мектепте жылдық жоспар негізінде мектепішілік Мұқағали оқулары, Ілияс оқулары, Абай оқулары өтіліп, бас жүлдені иеленген оқушылар аудандық оқуларға жолдама алып отырады.

 

 

 

 

 

 


Похожие публикации: