Әдістемелік кеңес » Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шұбар орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі
"Шұбар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72842)50083
Есепші бөлімі:
+7(72842)50083
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2017

Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес жұмыстары

Мектеп бойынша мектепішілк жоспар негізінде әдістемелік кеңестің жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында «Қатаң есептегі құжаттарының толтырылуы туралы нұсқау» атты семинар ұйымдастырылды. Қыркүйек айында шығармашыл ұстаз Б.Карбозова «Саморегуляция» тақырыбында коучинг өткізді. Қазан айында шығармашыл ұстаз Қ.Шаймолданова «Сыни тұрғысынан ойлау модулінің мазмұны» атты коучинг өткізді. Қараша айында мектеп оқушылары «Ақ бота» марафонына қатысты. Желтоқсан айында мектепішілік пән олимпиадасы өтті және жоғарғы балл алған оқушылар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды. Математика пәнінің мұғалімі Б.Карбозова «Оснавное свойство дробей» атты ашық сабақ көрсетті. Қаңтар айында жаратылыстану-математикалық және гуманиатарлық пәндер бірлестігінің апталығы өтілді. Ақпан айында бастауыш сынып және аралас пәндер бірлестігінің апталығы және «Озық тәжірибе мектебі» бірлестіктерінің апталығы өтті. Наурыз айында мектепішілік «Үздік сынып жетекші -2017» байқауы және Абай оқулары өтілді. Сәуір айында Ілияс оқулары және «Жыл мұғалімі -2017», «Үздік әдістемелік бірлестік 2017» байқаулары өтті. Мамыр айында «Жыл сыныбы», «Жыл оқушысы» байқаулары өтті.

Жалпы оқу жылы барысында «Кенгуру», «Русский медвежонок», «Английский бюльдок» т.б. интеллектуалдық ойындарына оқушылар толық атсалысып отырды. Сонымен қатар, аттестациядан өтетін ұстаздар облыстық, республикалық басылымдарға өз сабақтарын жіберіп, тәжірибе алмасты және семинарларға қатысып отырды.

Мектептегі іс-шаралар

Мектепте жылдық жоспар негізінде тиісті шаралар толық талапқа сай өтіліп отырады. Қыркүйек айында «Тілдер мерекесі» онкүндігі өтті. Онда тіл мамандарымен қоса сынып жетекшілер де өз сыныптарымен ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Желтоқсан айында « Президент күніне», «Тәуелсіздік мерекесіне» ашық сынып сағаттар және мектепішілік үлкен шара ұйымдастырылды. «Жаңа жыл» мерекесіне сыныптар жас ерекшелігіне қарай бөлініп, тиісті шаралар кең көлемде өтілді. Наурыз айында «Халықаралық әйелдер күніне» ашық тәрбие сағаттарымен қатар аналарға арналған мектеп ұжымының мерекелік концерті ұйымдасқан түрде өтті. «Ұлыстың ұлы күніне» әр сынып ашық тәрбие сағаттарын сынып сағаты барысында өткізді және мектепішілік «Жыл шеруі» фестивалі өтті. Атаулы шараға 1-11 сыныптар толық атсалысты. Сәуір айында Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне «Достық» фестивалі өтті. 1-11 сынып оқушылары әр ұлттың ұлттық өнерін ортаға салды және ұлттық мәдениетімен таныстырды. Мамыр айында «Отан қорғаушылар күні» мен «Ұлы Жеңіс күніне» орай салтанатты жиын өтіліп, Ұлы Отан сағысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сонымен қатар, мектепте жылдық жоспар негізінде мектепішілік Мұқағали оқулары, Ілияс оқулары, Абай оқулары өтіліп, бас жүлдені иеленген оқушылар аудандық оқуларға жолдама алып отырады.

Похожие публикации: